Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу



Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысу тәртібі

Мемлекеттік сатып алу – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алу, оған мыналар қосылмайды:

1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;

2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;

3) іссапар шығындарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;

4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма және оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

5) жарналар (салымдар) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу;

6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

7) мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін әскери және қосарлы мақсаттағы (қолданудағы) тауарлар (өнімдер), жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.

8) “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізу кезінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қосылмайды.

 

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – Портал) электрондық мемлекеттік сатып алу қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.

 

Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық сертификаттар алу;

2) Сатып алу пайдаланушы ретінде тіркелу немесе өзінің ұйымын қатысушы ретінде тіркеу, модульге сертификат бойынша кіру және мемлекеттік сатып алуға қатысу талап етіледі.

Жалпыға қолжетімді ақпаратты көру үшін Анықтама; Тізілімдер; Сатып алу; Есептілік бөлімдеріне өту қажет.

 

Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары.

Конкурс, аукцион, бағалы ұсыныстарға сұраным, бір көзден сатып алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулар мен хаттамалар.