Жалғыз акционер

Жалғыз акционер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жалғыз акционері болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және қолдану ұүұығын жүзеге асыратын орган болып табылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жарғысының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (Жалғыз акционер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы акционерлер жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарастырады және ол бойынша шешімдер қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша шешім қабылданатын мәселерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысымен жалпы акционерлер жиналысының және жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өз бетінше қабылдайды.

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет» және ақпарат салаларында (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

1) Ақпарат комитеті;

2) Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті.

3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Министрлік мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс.

10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.