Басқарма

Басқарма

Әсемгүл Балташева

Балташева Әсемгүл Серікқызы 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (мамандығы – «бухгалтерлік есеп шаруашылықтағы бақылау және талдау»), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (мамандығы – «экономика және менеджмент») тәмамдаған.

1997-2011 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жж. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ басқарған. Кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-да директор орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған. 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған шақта мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі дирекциясына басшылық етті. 2017 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.


Олжас Болатұлы Шоқпаров
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма аппаратының басшысы.

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету: Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітіріп, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек қызметін 2009 жылы «АйLine NS» ЖШС-да директордың жобаларды басқару жөніндегі орынбасары қызметінен бастады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді. 2016 және 2017 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да клиенттермен жұмыс жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарды.

2017 жылғы ақпан айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.


Әбсаттаров Қайрат Бектайұлы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрайымының орынбасары

1990 жылы «Инженер-механик» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1998 жылы «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмамдады. Мәскеу бизнес-мектебінде «Іскер әкімшіліктендіру магистрі» бағдарламасы бойынша білім алды.

Еңбек жолын автокөлік саласындағы өндірістік кәсіпорындарында бастап, сондай-ақ Жезқазған облысы әкімінің аппаратында және ҚР Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесінде, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде қызмет атқарды. 2006 жылы «Қазақтелеком» АҚ Бас әкімшілік директоры, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2012 жылы ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2013 жылы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетін басқарып, 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі - бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас директоры болды.

2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма Төрағасының орынбасарлығына тағайындалды.

«Құрмет» орденімен марапатталған, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және өзге де маңызды мемлекеттік даталарға орайластырылған медальдары мен төсбелгілері бар.


Жүнісов Біржан Уәлиұлы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрайымының орынбасары

1972 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Жезқазған педагогика институтын (қазақ тілі және әдебиеті мамандығы), 2005 жылы Қарағанды қаржы институтын (есеп және аудит мамандығы) тәмамдаған.

Еңбек жолын Жезқазған облыстық тілдер басқармасында мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 1996 жылы Жезқазған облыстық халықты әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының Зейнетақы қорының жетекші маманы болған.

1999-2002 жылдар аралығында Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының (ЗТМО) Жезқазған қалалық филиалында бас маман, операциялық бөлім бастығы, төлемдер бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2004-2016 жж. зейнетақы төлеу саласы бойынша түрлі қызметтер атқарып, Сатбаев, Алматы қалаларындағы ЗТМО филиалдарында басшылық лауазымдарында болды.

2016-2017 жж. ЗТМО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрамына өткеннен кейін әлеуметтік төлемдер дирекциясының директоры болды.

2017 жылы мемлекеттік корпорацияның өндірісті үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры.

2018 жылдың мамыр айынан бастап корпорацияға қарасты Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 25 сәуірінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.