«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының

2016 жылғы «29» сәуірдегі № 27  бұйрығымен

«БЕКІТІЛДІ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жұмыскерлерінің іскерлік этика

КОДЕКСІ

 

 

 

 

 

 

 Астана қаласы, 2016 жыл

 

1. Жалпы ережелер
1.1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жұмыскерлерінің осы іскерлік этика кодексі (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) ішкі құжаттарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға сәйкес әзірленді және  Қоғам жұмыскерлерінің негізгі тәртіп стандарттарын белгілейді.

 

1.2. Қоғамды корпоративтік басқару механизмдерінің тиімділігін арттыруға ықпал ету, этика стандарттарына негізделген бірыңғай корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымда сенім ахуалын,  өзара сыйластықты және әдептілікті қолдау, атқаратын қызметіне қарамастан, барлық жұмыскерлермен Қоғамда қабылданған іскерлік этика нормаларын біркелкі ұғыну және орындау, қызмет алушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға ықпал ету осы Кодекстің мақсаты болып табылады.
1.3.Қоғам басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын және Қоғам жұмыскерлерінің жұмысқа орналасқаннан кейін бір ай ішінде осы Кодекспен таныстырылуын қамтамасыз етеді.
2. Іскерлік этика құндылықтары мен принциптері
2.1. Жұмыскерлердің әдептілігі, сенімділігі және біліктілігі, олардың еңбектерінің тиімділігі, бірі-біріне және қызмет алушыларға деген сыйластығы Қоғам қызметін қалыптастырудың негізін қалайтын корпоративтік құндылықтар болып табылады.

 

2.1.                      Қоғам іскерлік этиканың төмендегі принциптерін басшылыққа алады:

1)        Заңдылық:

Қоғам өз қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын сақтайды, Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, мемлекеттік органдардың шешімдерін және Қоғам қызметіне жататын өзге де құжаттарды орындайды.

2)                     Жауапкершілік:

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы, шарттық  қарым-қатынас және моральдық-адамгершілік принциптері талаптарымен белгіленген, қабылданған міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болады. Сонымен қатар, Қоғам мемлекет пен қоғам алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.

3)        Құпиялылық:

Қоғам ішкі (қызметтік), соның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді. Қоғам заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпаратты қорғау үшін шаралар қабылдайды.

4)                      Құзыреттілік және кәсіпқойлық:

Қоғам көрсетілген мақсатты қамтамасыз ету үшін Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес ашық конкурстық рәсімдер негізінде жұмыскерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Қоғам өз жұмыскерлері үшін кәсіби білімдері мен дағдыларының деңгейін арттыруға, кәсіби, шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға, әлеуетін дамытуға және мансаптық өсуге мүмкіндік беретін жағдай жасайды.

 

 

5)                 Қызмет алушылардың сенімін сақтау және нығайту:

Қоғам қызмет алушыларға қатысты өзіне алған міндеттемелерін адал, орынды, мұқият орындайды және ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге тырысады, қызмет алушыларға құрметпен қарайды, адал жұмыс істейді.

 

 

6)              Ашықтық:

Қоғам өзі, қызметтері мен жетістіктері, жұмыс нәтижелері туралы ақпараттың барынша ашық мен сенімді болуына  талпынады. Ақпаратты жариялау Қоғамның оң имиджі мен іскерлік беделін жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

7)              Құрмет:

Қоғам жұмыскерлері нәсілі, тілі, саяси және  діни нанымы, жыныстық, ұлттық және мәдени тиістілігіне қарамастан адал және әділ қарым-қатынасқа құқылы. Қоғам жұмыскерлері қызмет алушыларға құрметпен қарайды және олармен қарым-қатынаста этика нормаларын сақтайды.

 

 

8)              Отансүйгіштік:

Мемлекет тарапынан Қоғамға жүктелген жоғары сенім және оның әлеуметтік жауапкершілігі ұлттық экономиканың дамуына ықпал етуге және мемлекет үшін ең жоғарғы пайданы қамтамасыз етуге талпыну мен отансүйгіштік сезімін тудырады. Қоғам өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы мемлекетінің рәміздеріне құрметпен қарайды, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтайды, мемлекеттік және басқа да тілдерге, барлық халықтардың дәстүрлеріне құрметпен қарайды, қоршаған ортаға сыйластық білдіреді және ұқыпты қарайды.

 

3. Жұмыскерлер тәртібінің жалпы қағидалары
3.1. Қоғам жұмыскерлері:

1)        заңдылық принциптерін, Конституция, заң, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын және  Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуы;

2)        Қоғам меншігінің сақталуын қамтамасыз етуі, автокөлік құралдарын қоса алғанда, оларға сеніп тапсырылған мүлікті ұтымды, тиімді және қызметтік мақсатта ғана пайдалануы;

3)        жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз етуі, олардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеуі, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;

4)        өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сын айтылу үшін себеп туғызбауы, айтылған сын үшін қысым көрсетуге жол бермеуі, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануы;

5)        қызмет алушылармен және әріптестерімен қарым-қатынаста әдептілік танытуы, құрмет білдіруі, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік   нормаларын, қызметтік міндеттерін орындау кезінде телефон арқылы сөйлесу мәдениетін сақтауы;

6)        Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауы арқылы үлгі болуы;

7)         мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халықтарының       салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы;

8)         шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, ұлты, тілі, дінге деген көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жеріне қарамастан әріптестері мен қызмет алушылардың ар-намысын сыйлауы;

9)        еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауы, өз лауазымдық міндеттерін адал, әділ және сапалы орындауы, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануы;

10)    қызмет алушыларға қызмет көрсету процесінде жеке сипаттағы мәселелер бойынша ұялы телефондар мен  басқа да заманауи коммуникация құралдарын пайдалануға жол бермеуі;

11)    қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруы, алдына қойылған міндеттерді шешу үшін оңтайлы және экономикалық тәсілдерді қолдануы;

12)     жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қарсылық білдіруі;

13)    кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуі;

14)    бағынышты жұмыскерлердің қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты айқындауы,  орындалуы мүмкін емес өкімдер бермеуі, бағынышты жұмыскерлерден олардың лауазымдық міндеттері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауын талап етпеуі;

15)    бағынышты жұмыскерлерге қатысты  негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, орынсыз мінез-құлқы фактілеріне жол бермеуі;

16)    бағынышты жұмыскерлерді құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормалармен үйлеспейтін              iс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуі;

17)    кәсіптік даярлықтың, соның ішінде, орындалуы бағынышты жұмыскерлердің функционалдық міндеттеріне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті деңгейіне ие болуы;

18)    ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауы, жұмыскерлердің іскерлік этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуі және олардың жолын кесуі,  балағаттамауы, ұстамсыздық пен агрессия танытпауы, өзінің дөрекі тәртібі үшін әрқашан кешірім сұрауы, әріптестеріне көмектесуі, олармен өз білімі және тәжірибесімен бөлісуі;

19)    өз іс-әрекетімен немесе сөздерімен басқа жұмыскерлер мен қызмет алушыларға қатысты қысымшылық, қоқан-лоқы көрсетуге немесе жәбірлеуге жол бермеуі;

20)    жұмыс орнында және Қоғам аумағында алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін пайдалануға жол бермеуі тиіс.

3.1.       Жұмыскерлер іскерлік этиканы, ресми тәртіп қағидаларын сақтауы тиіс.

 

3.2.                     Жұмыскерлер қызмет бабын, оған байланысты мүмкіндіктерін қоғамдық және діни ұйымдардың, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесінде, оның ішінде өзінің оларға деген қарым-қатынасын насихаттау үшін пайдаланбауы тиіс.

Басшы лауазымдардағы жұмыскерлер бағынышты жұмыскерлерді қоғамдық және діни ұйымдардың, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

4. Корпоративтік мәдениет
4.1. Қоғам жұмыскерлері өз лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде киім, аяқ киім және шаш үлгісін таңдау кезінде іскерлік консерваторлық стильді сақтауы тиіс.
4.1.                  Мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне тікелей қатысатын әйел жұмыскерлердің сырт келбетіне қойылатын талаптар:

үсті ақ түсті (жағалы ақ жейде), Қоғам логотипі бар галстук, төменгі жағы қара көк түсті (қара, қара көк түсті кеңселік ұзындықтағы шалбар немесе юбка), классикалық аяқ киім. Салқын мезгілде жакет (қара, қара көк түсті) киюге жол беріледі.

4.2.                  Мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне тікелей қатысатын ер жұмыскерлердің сырт келбетіне қойылатын талаптар: қатал іскерлік костюм (қара, қара көк түсті), жейде (ақ түсті), галстук, Қоғам логотипі бар галстукқа арналған қысқыш,  классикалық аяқ киім.

 

4.2.             Киім жинақы және іскерлік стильге бағытталған болуы тиіс. Ыстық мезгілде қысқа жеңді жейде киюге рұқсат етіледі.
4.3.             Мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне тікелей қатысатын барлық жұмыскерлер сол жоқ кеудесіне лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген, фотосуреті бар бейджді міндетті түрде тағулары тиіс. Жұмыскер туралы ақпаратты көзбен кедергісіз  қабылдауға мүмкіндік беретін белгілі бір ұзындықтағы лентаға ілінген  бейджді тағуға рұқсат етіледі.

 

4.3.            Жұмыс орны әрқашан таза болуы және эстетикалық қабылдануы (үстелде қажетті заттар, құжаттар ғана болуы) тиіс. Жұмыскер жұмыс орнында  әдептілік мәдениетін сақтауы тиіс.

 

4.4.             Жұмыскерлердің келіссөз жүргізе білуі, оның ішінде  телефон арқылы сөйлесуі жалпы Қоғам туралы жағымды әсер қалдыруға мүмкіндік береді. Жұмыскерлер келіссөз жүргізу мәдениетін, оның ішінде телефондық әдепті ұстанулары қажет. Іскерлік келіссөздер сабырлы және сыпайы түрде жүргізілуі тиіс.
4.4.       Жиналыстарға қатысқан кезде өз ұялы телефондарын сөндірулері немесе дыбыссыз режимге қоюлары қажет.
5. Жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
5.1. Жұмыскерлер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Жұмыскерлер Қоғамның басқа жұмыскерлерінің тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесулері тиіс.

5.1.        Егер жұмыскер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы нақты ақпаратқа ие болса, ол осындай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату бойынша қажетті шараларды қолдануы тиіс.

Қажетті шараларға Қоғамның тікелей басшысын/ құрылымдық бөлімшесінің басшысын/ Қоғам басшылығын ақпараттандыру жатады.

Қоғам басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты алғаннан кейін, ол бойынша тиісті шараларды, оның ішінде, егер жұмыскердің әрекеттерінде заң бұзушылық болмаса, Қоғам жұмыскерінің бұдан әрі қызметіне теріс әсер ететін заңсыз қудаланудан, оның құқығы мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қабылдайды.

 

5.2.  Жұмыскерлер өзінің әрекеттерімен және шешімдерімен заңды және жеке тұлғаларға өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін  іске асыру үшін қиындық тудыратын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Осындай фактілер анықталған жағдайда, жұмыскерлер оларды жою шараларын қабылдаулары тиіс.
5.3.   Жұмыскерлер кәсіби және қызметтік қажеттіліктерге байланысты, сондай-ақ еңбек қатынастарымен шектелген қолжетімділіктің дербес деректері  мәлім болған жағдайда, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрекет етулері тиіс.
5.4.   Жұмыскерлер Қоғамның экономикалық залалын болдырмау бойынша барлық мүмкіндіктерін пайдаланулары, жеке мүдделері мен үшінші тұлғалар мүдделерінде сыртқы және ішкі тексеру бастамашылығына жол бермеуі тиіс.
5.6. Жұмыскерлер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдаларға ие болу үшін оларға байланысты мүмкіндіктер мен өз лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланбаулары тиіс.
5.7. Жұмыскерлер мүдделік қақтығыстарға жол бермеу шараларын қабылдаулары тиіс.
5.8. Мүдделік қақтығыстар туындағанда, яғни, жұмыскердің  жеке мүддесі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісті дәрежеде орындауы  немесе осы заңды мүддесіне зиян келтіруге әкеліп соғу мүмкіндігі бар заңды және жеке тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында қайшылықтар туындайтын жағдайда, жұмыскер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген оның алдын алу және реттеу шараларын қабылдауға міндетті.
6. Іскерлік этика нормалары
6.1. Қоғам басшылығы мен жұмыскерлері өздеріне мүдделер қақтығысына жол берместен, Қоғам және Жалғыз акционер мүдделерінде кәсіби функцияларын адал және орынды атқару міндеттерін қабылдайды.
6.1.  Жалғыз акционердің пайымы Қоғамның даму стратегиясының негізі болып табылады, оның әзірленуі мен іске асырылуына Қоғам басқармасы және Директорлар кеңесі жауапты болады.
6.3. Басқарма, Директорлар кеңесі және Жалғыз акционер арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттары, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексі ережелерінің талаптарына сәйкес принциптерге негізделген. Қоғам Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынасында  нақты рәсімдерді белгілейді.
6.4. Қоғам серіктестерінің барлық өтініштері, ұсыныстары мен наразылықтарының уақтылы және толық қаралатынына кепілдік береді. Келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда, келіссөздер мен ымыраларға артықшылық береді.
6.5. Қоғам басшылығы стратегиялық мақсаттарға жету үшін іскерлік этиканың негізін құраушы құндылықтар мен принциптерін ескере отырып, шешімдер қабылдайды және алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен көзделген жауапкершілікте болады.
6.5.   Қоғам әрбір жұмыскер жеке тұлға ретінде бағаланатын, құрмет пен сенім ахуалын қамтамасыз етеді. Қоғам өз жұмыскерлерін бағалайды және құрметтейді.
6.7. Қоғам білімін шыңдайтын және кәсіби даму үшін талпынатын жұмыскерлерін ынталандырады және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес барлық деңгейдегі жұмыскерлердің біліктілігін арттыру үшін тең және оңтайлы жағдайлар жасайды.
6.8. Сыйақы беру саласындағы саясат Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес ынталандыру мақсатында жұмыскерлердің кәсіби сапасы мен қабілеттерін, олардың еңбек нәтижелерін және қызметінің негізгі көрсеткіштеріне жетуін мойындау, сондай-ақ әлеуметтік пакет ұсыныстарына негізделеді.
6.9. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қоғам саясаты өзінің барлық жұмыскерлеріне салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуі мен үнемі жақсартылуын көздейді.
6.10.Қоғам басшылығы мен жұмыскерлері жұмысқа деген өзінің қарым-қатынасымен ұжымда берік  және қолайлы  жағдай жасау үшін ықпал етулері тиіс.
6.11. Қоғам басшылығы мен жұмыскерлері жұмыста жоғары кәсіби жетістікке жету үшін барлық күштерін салулары  тиіс, Қоғам мүлкін ұтымды және тиімді пайдаланулары тиіс.
6.12. Қоғам басшылығы мен жұмыскерлері құпиялылық нормаларын бұзбай, Жалғыз акционер және Директорлар кеңесінің шешімдерін,       сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарын есепке ала отырып, нақты ақпаратты бір-біріне уақтылы береді.
6.13. Басшылық, барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімшелердің басшылары Кодекс талаптарына сәйкес басқарушылық шешімдерді қабылдауы, сонымен қатар өз үлгісі арқылы Кодекс ережелерін қатаң сақтайтынын көрсетуге тырысулары, кеңес беру мен тәлімгерлікке, жалпы миссия, құңдылықтар және принциптермен бірлестірілген ұжымды командаға біріктіруге уақыт бөлулері тиіс.
6.14. Басшыларға төмендегі іскерлік этика нормалары мен қағидаларын орындау ұсынылады: жұмыскерлерге іскерлік этика нормалары мен қағидаларын ұстану үлгісін көрсету; жұмыскерді басқа жұмыскерлердің алдында сынамай, оны құпия түрде жасау;

бағынышты жұмыскерлердің алдында өзі жіберген қателерді мойындай білу және өзіне айтылған сындарлы сын үшін оларға қысым көрсетпеу.

6.15. Жұмыскерлерге төмендегі іскерлік этика нормалары мен қағидаларын орындау ұсынылады: жұмыс орнында болмау себептері туралы тікелей басшысын тез арада ақпараттандыру, басшының дөрекі қылығына әріптестерінің алдында жауап бермеу. Егер өз ісінің дұрыстығына сенімді болса, жеке кездесу туралы өтініш жасау.
7. Көпшілік алдында сөз сөйлеулер
7.1.        Қоғам қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеулер оның басшылары немесе осыған уәкілетті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады.

 

7.1.        Жұмыскерлер пікірталастарды Қоғам беделін түсірмей, сыпайы түрде жүргізулері тиіс.
7.2. Жұмыскерлерге, егер оның Қоғам жұмысының мәселелері бойынша пікірі:

1)                 Қоғам жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2)                       жариялауға рұқсат берілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

3)                       Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да жұмыскерлерге қатысты әдепсіз пікірлерді қамтитын болса, көпшілік алдында оны білдіруге болмайды.

7.2.        Жұмыскерлерге Қоғам қызметіне қатысы жоқ мәселелер бойынша баспаларды Қоғам атынан жариялауға жол берілмейді. Жұмыскерлер педагогика, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметі бойынша материалдарды тек жеке тұлға ретінде өз атынан жүзеге асыра алады.
7.3.        Жұмыскерлерге көпшілік алдында сыбайлас жемқорлық, кірістер мен мүліктерді заңсыз алу бойынша дәлелсіз айып тағылған кезде, ол мұндай айып тағылған күннен бастап, оны теріске шығару шараларын, оның ішінде сот тәртібінде шаралар қабылдауға құқығы бар.
8. Құпиялылық
8.1. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпаратқа жатқызылған ақпарат Қоғамның құпия ақпараты болып табылады.
8.2. Жұмыскерлерге, оның ішінде басшыларға мәлім құпия сипаттағы кез келген мәліметтер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге көзделмесе, құпия сақталады.
8.3.        Қоғамның құпия ақпараттарына қолжетімділігі бар  жұмыскерлер осындай ақпараттарға қолжетімділігі жоқ басқа жұмыскерлерге, сондай-ақ Қоғамнан тыс кез келген үшінші тұлғаларға оны жарияламауы тиіс. Осындай шектеулер Жұмыскер жұмыстан босатылғаннан кейін Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген уақыт бойы қолданылады.

 

8.4. Жұмыс уақыты бойы және оның аяқталуына қарай жұмыскер өз жұмыс орнынан кетер кезде, жұмыс үстелінде немесе басқа көзге көрінер жерлерде құпия ақпараттан тұратын құжаттардың қалмауына көз жеткізуі тиіс. Мұндай құжаттардың барлығы шкафтар немесе жәшіктерде кілтпен жаюылып, ал компьютер өшірілуі немесе оқшаулануы тиіс.
8.5.        Құпия ақпарат (электрондық, жазбаша немесе басқа түрде) басшылықтың тиісті тапсырмасынсыз, Қоғамнан тыс шығарылмауы тиіс. Жұмыскер жұмыстан босатылған кезде Қоғам туралы ақпараттан немесе тұлғалардың кең ауқымы аясына арналмаған ақпараттан тұратын Қоғамға тиесілі барлық құжаттарды, файлдарды, компьютерлік дискеттерді, есептер мен жазбаларды, сондай-ақ аталған ақпаратты қамтыған құжаттардың барлық көшірмелерін Қоғамда қалдыруға міндетті.

 

8.6.        Мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың дербес және өзге де ақпараттарына қолжетімділігі бар жұмыскерлер қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ субьектінің не оның заңды өкілінің  келісімінсіз не өзге заңды негіздеменің болуына қарай, олардың таралуына жол бермейді.

 

8.7. Қоғам жеке деректерге құрметпен қарап, олардың құпиялылығын қорғайды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саясатын қолдайды.
9. Қорытынды
9.1.        Осы Кодекстің нормаларын сақтау Қоғамның барлық жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады. Осы Кодекске сәйкес этика нормаларын бұзудың барлық фактілері Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі актілерінің нормаларына сәйкес қаралуы тиіс.

 

9.1.        Жұмыскердің осы Кодекс ережелерін білмеуі немесе онымен танысудан бас тартуы оны Қоғаммен бекітілген корпоративтік нормалар мен тәртіп қағидаларын орындау міндеттерінен және оларды бұзған жағдайларда жауапкершіліктен босатпайды.