Оспанов Абылайхан Есенұлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы.

2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Информатика» мамандығы бойынша, 2015 жылы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Жасыл ел» республикалық жастар еңбек жасақтарының штабы» ЖМ штаб басшысының орынбасарынан бастаған. ІТ саласында жобалар басқармасының басшысы болып, сондай-ақ  ҚР ІІМ Техникалық қызметі департаментінде жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап Байланыс және ақпарат министрлігінің департаменттерінде, Транспорт және коммуникациялар министрлігінде, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде басшы лауазымдарда жұмыс істеген. «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы меңгерушісі және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  болған.

2017 жылғы 26 қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Әсемгүл Серікқызы Балташева – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  1977 жылы туылған. 1996 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент»  мамандығы бойынша бітірген.

1997 жылы Екібастұз қалалық  телекоммуникация  торабы ұйымдарымен және кәсіпорындарымен  есеп айырысу бөлімінің бастығы қызметін атқарды және 2011 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-да басшы лауазымдарда жұмыс істеді.

2011 жылы Павлодар облысы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК директоры болды, одан кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директорының орынбасары және бас директоры, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясының директоры лауазымдарын атқарды.

2017 жылғы мамыр айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  лауазымына тағайындалды.

2013 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Ғалым Абиболлаұлы Қарқынбаев – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары   

1963 жылы туған. 1989 жылы Еңбек Қызыл Ту ордені Қазақ ауылшаруашылығы институтында оқып,  «Ғалым агроном»  мамандығы  және 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша  бітірді.

Еңбек жолын 1980 жылы «Райсельхозтехникада» IV разряда слесарь болып бастады. 1991 жыл мен 2007 жыл аралығында  жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы саласында басшылық лауазымдарында  жұмыс атқарды. 2008 жылдан бастап «НК СПК «Жетісу» АҚ және «АстанаГазКМГ» АҚ даму институттарында жұмыс істеді. 2012 жылы Астана қаласының «ЖерҒӨО» РМК бас директорының орынбасары, кейін бас директор, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Дирекциясының директоры лауазымына тағайындалды.

2017 жылғы мамыр айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары  лауазымына тағайындалды.  «Құрметті жерге орналастырушы»  төс белгімен  марапатталған.

 

Қаңтар Бекаралұлы Орынбаев – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары  

1971 жылы туған. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының «Қаржы және кредит» факультетін бітірді. 20 жылдан астам уақыт қаржы саласында еңбек етті. Оның ішінде 10 жыл Қазақстан жинақтаушы зейнетақы  жүйесінде  Қазақстанның «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» зейнетақы қорында жұмыс істеді, онда  инвестициялық бөлімнің сарапшы лауазымынан Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасарына дейін көтерілді.

Жұмысын «Игiлiк Банктің» банк секторында валюта операциялары бөлімінен бастады. Кейін  «Алем Банк Казахстан» банкінде  экспорттық операциялар бөлімінде және «Қазақстан Халық Банкінде» Қазынашылық департаменттің Дилинг басқарма бастығы болып қызмет атқарды.

«Атамекен» ЖЗҚ АҚ (2011-2013 жылдар), «Нұрбанк» АҚ (2013-2015 жылдар) және  2016 жылы АО QazaqBanki  бірінші басшысы  болды.  Кейбір жылдары Қазақстанның қор биржасы Биржалық Кеңесінің, Активтерді басқару Ассоциациясы Кеңесінің құрамына кірді.

2013 жылы Экономика және бизнес саласында Халықаралық сократ сыйлығының иесі. 2013 жылы Еуропа бизнес-ассамблеясының гауһар тас тармағы «Жылдың үздік топ-менеджері», 2013 жылы «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медалі.

2009 жылы Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ «Жылдың үздік топ-менеджері» медалі.

Кенжебаев Серік Әбдірахманұлы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
1971 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық құрылымдарда басқарушылық орындардан бастады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі агенттігінің «Электрондық коммерция орталығы» РМКК-да мемлекеттік электрондық сатып алуларды әзірлеу және енгізудің бастамасында тұрған, әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқрамасының бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Аппарат басшысының орынбасары (ҚР Қарулы күштерінде қызмет), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан ГАЖ Орталық» АҚ басқарушы директоры, «Қамқор Локомотив» ЖШС («ҚТЖ» ҰҚ» АҚ ЕТҚ) өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры, «Инкай» БК» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «CamecoCorporation» (Канада) бірлескен кәсіпорны) Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
«Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталғын.
2017 жылғы шілде айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.