Cұрақ:

Ассаламу алейкум! Telegram жайлы жазып ед, резюме жибере аласын деп жумыс бойынша. Сол жайында толыгырак тусиндирип жиберинизши. Кайда калай жибере алам!?

Жауабы:

Құрметті Ержан Мадыгулов!

Сіздің жолдаған сауалыңызға, Telegram мессенджері қосымшасында @Gov4CBot логині арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Telegram-ботына қосылып, «О госкорпорации» одан әрі «Работа в Госкорпорации» сілтемелері арқылы өз түйіндемеңізді PDF форматында жолдай алатындығыңызды хабарлаймыз.

Сондай-ақ, https://goscorp.kz/kk/bos-lauazymdar/ сілтемесінде Қоғам мен оның филиалдарында бос лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландырулар жарияланады. Жарияланған конкурсқа Қоғамның жұмысқа қабылдау қағидаларына (https://goscorp.kz/kk/bos-lauazymdar/ сілтемесінде) сәйкес қатыса аласыз.