Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Петропавл қ. азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (1-уақытша)
Білікті талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім* немесе орта техникалық және кәсіптік білім*.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) саладағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
2) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда немесе мамандық бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
3) орта-арнаулы/ кәсіптік, орта-техникалық білім беру кезінде салада не мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдарға жұмыс өтіліне қойылатын талаптар қойылмайды.
   Функционалдық міндеттері:
1. Тууды, неке қиюды, әке болуды анықтауды, атын, тегін, әкесінің атын өзгертуді, АХАТ жазбаларын қалпына келтіруді және жоюды, оның ішінде АХАТ-қа өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді, АХАТ-тың қайталама куәліктерін немесе анықтамаларын беруді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;        
2. АХАЖ-ға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу жөніндегі істерді қалыптастыруды жүзеге асырады;                                
3. АХАТ фактілерінің бар немесе жоқтығын растайтын қайталама куәліктер мен өзге де құжаттарды береді;                
4. АХАЖ-ның бірінші даналарына түзетулер, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5. Соттардың шешімі бойынша АХАЖ қалпына келтіру және күшін жою жөніндегі функцияларды орындайды;                
6. Шет мемлекеттердің аумағынан жеке құжаттарды талап етеді, АХАТ саласында белгіленген тәртіппен халықаралық құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;                
7. Азаматтық хал актілері жазбаларының мұрағаттық қорын қалыптастырады;    
8. АХАТ мәселелері бойынша азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарайды;
9. Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы азаматтар мен өзге де мүдделі тұлғалардың өтініштерін қарайды, ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы материалдар дайындайды және қорытынды жасайды.            
          Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы түйіндеме;
2) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы сертификат (қорытынды) не оның көшірмесі;
6) дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім;
7) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.

        Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
        Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тестілеуден өткені туралы сертификат алу үшін "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық" АҚ-ға мына сілтеме бойынша өтінім беру қажет: http://ekyzmet.kz/
          Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мекенжайы Петропавл қ., Интернациональная к-сі, 70; каб. 118 (1 қабат) (персоналды дамыту басқармасы), тел: 8 (7152)555-333 (ішкі.43272), электрондық пошта мекенжайы: sektor_hr.sko@mail.ru
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Аққайың ауданы бөлімінің халыққа қызмет көрсету жөніндегі маманы (1-уақытша)
Білікті талаптар:
Тиісті бағыттағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе орта техникалық және кәсіптік білім, арнаулы орта білім.
Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы түйіндеме:
2) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім;
6) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мекенжайы Петропавл қ., Интернациональная к-сі, 70 каб. 118 (1 қабат) (персоналды дамыту басқармасы), тел: 8 (7152)555-333 (ішкі.43272), электрондық пошта мекенжайы: sektor_hr.sko@mail.ru.