Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Ашықтық және технология: сыбайлас жемқорлық және алаяқтықпен күресеудегі негізгі құралдар

 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес әдістерін үнемі іздестіруде және жетілдіру процесінде. 
 
Біздің стратегиямызда мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін шешуші рөл атқарады.  Үкіметті басқарудың электрондық жүйелерін енгізу, бюрократиялық кедергілерді азайту, блокчейн және жасанды интеллект сияқты заманауи технологияларды белсенді түрде пайдалану да маңызды факторлар болып табылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табысқа жетудің тағы бір кілті – азаматтарды оқыту және мемлекеттік қызметкерлер мен Мемлекеттік корпорация қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік пен жазаны нақты айқындау, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін бақылауға жұртшылықтың белсенді қатысуы.

2021 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта Мемлекеттік корпорацияда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған нормативтік құжаттар енгізілді, мүдделер қақтығысын болдырмау рәсімдері және Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің сыйлықтар беруі немесе қабылдауы кезіндегі шектеулер бекітілді.

Осы стратегияларды саналы түрде енгізу және бірлесіп қолдану мемлекеттік қызметтердің неғұрлым әділ және сенімді жүйесін құруға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, егер сізде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе мемлекеттік қызметті алу процесінде этика нормаларын бұзу фактілері туралы ақпарат болса, дереу 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабар беріңіз.